Тақырыбы: Е-learning технологияларының көмегімен педагогикалық үрдісте қолданылатын технологиялар
Оқытудың әдістемесі мен формасы: Баяндау, дәріс
Е-learning технологияларының көмегімен педагогикалық үрдісте қолданылатын келесі әдістерді бөлуге болады:
Виртуалды топтық жұмыс – бұл бір берілген тапсырма бойынша жұмыстанатын топта оқитын оқушылардың біріккен жұмысы, олар өз беттерінше немесе кеңесшінің көмегімен хабар алмасу және әрекеттесу нормаларын белгілейді, виртуалды ортада өз жұмыстарының бағыттарын және оған жету жолдарын таңдайды. Мысал ретінде синхронды форматтағы (уақыты алдын-ала белгіленеді) және асинхронды форматтағы сауалнама жүргізу, мұғаліммен сыныптастарыңның алдында дайындаған жұмысынды қорғау (чат-конференциялардың көмегімен). Оқытудың бұл әдісі оқушының өзіндік жұмысын жетілдіруді ұйымдастыруда қосымша ресурс ретінде бола алады. Виртуалды сыныптардың техникалық мүмкіндіктері қазіргі уақыт режимінде оқытудың барлық субъектілеріне бейнероликтерді , презантация слайдтарын, үлкен көңіл бөлетін жерлері бар әртүрлі құжаттарды көрсету, алмасу және өз файлдарын пайдалануға рұқсат беру, электронды тақтаны қолдану, барлық қатысушылардан қандай да бір сұрақ бойынша қазіргі уақытта ақпарат жинау, дауыс беру және сауалнама өткізу; тез арада хабарламалар алмасуға (барлық оқитындарға немесе жеке адамдарға рұқсат беру) мүмкіндік береді. Хабарламаларды көру шегі барлық субъектілермен виртуалды әрекеттесу арқылы анықталады. Аудиобайланыс арқылы да байланысқа шығуды ұйымдастыруға болады. Кейбір виртуалды сыныптар құжаттармен біріккен жұмыстар жасауға, виртуалды қол көтеру немесе эмоцияларды көрсету арқылы көңіл аудару механизмдерін пайдалануға, сыныптағы виртуалды кездесулерді жазуға жағдай туғызады.
Бейнеәдіс –
бұл ақпаратты көрнекіліктер арқылы қабылдайтын әдіс (оқу бейнефильмдерді
пайдалану, бейнетренингтер, аудиториядағы лекция және практикалық жұмыстардың
бейнежазбалары, бейнеэкскурсиялар, эксперт-мамандардың видеожазбалары және
т.б). Бейнеәдіс келесі міндеттерді атқара алады: білімділік, бақылаушылық,
қорытындылау, жүйелілік. Оқу мақсатында бейнежазбаларды пайдаланудың екі тәсілі
қолданылады: дайын бейнематериалдарды көрсету және кері байланыс жасау немесе
талқылау мақсатында есептерді (жобаларды, тренингтерді және т.б.) шығару
барысында жазбаны пайдалану. Кері байланысқа шығуды пайдалану
барысында қарауға және тақылау негізіне бейне форматта жазылған сол
қатысушылардың іс-әрекеттері алынады.
Блог-әдіс – бұл мәтін, суреттер, мультимедиа, соның ішінде авторлық
жазулар (посттар) құрауға мүмкіндік беретін оқушының оқу-танымдық қызметінің
әдісі. Бұл қызмет іздеуден, белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинаудан
тұрады. Оқытудың дәстүрлі әдістерін қолданумен қатар мұғалімдермен
оқушылардың әрекеттесуіне ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай жасайтын арнайы
интерактивті педагогикалық технологияларды пайдалану қажетті. Сондықтан,
e-learning электронды білім беруді енгізу оқу негізінде педагогикалық үрдісте
маңызды құрал болып табылады. Мұндай форматта оқыту интерактивті болуда, ал ал
оқу үрдісі перманенттіге айналуда.
Білім алушы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу орнының студенті ғылыми - әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады. Міне, мұның бәрі цифрлықбілім беру контентін құрап отыр. Ал енді электронды оқулықтың цифрлықбілім беру ресурсынан айырмашылығы неде? Ең алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды орындаса, цифрлықбілім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді, интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы цифрлықбілім беру ресурсы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Цифрлықбілім беру ресурсы - әдістемелік құрал. Бір ресурсты жасау үшін тек қана педагог мамандар ғана емес, онға жуық адам жұмыс істейді. Бір ресурсты шығару үшін суретші, анниматор, режиссер, білікті дикторлар, бірнеше саланы қамтыған программистер атсалысады. Сондықтан бұл командадағы бір адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді. Цифрлықбілім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер құрайды.
Осылайша, e-learning технологиясы – бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін жекелеуге болады, оқытудың жылдамдығын таңдауға болады (ақпаратты қабылдаған кезде). Оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Жақыпбекова Г.Т.Flash-те мультимедиалық технологияларының негіздері [Текст] : оқу құралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Алматы : ССК, 2019
2. Карелхан Н., Серік М., Альжанов А.К. RadStudio ортасында программалау мен параллель есептеулер. Алматы: ССК, 2017ж, -168 б.