Электронды оқыту жүйесінің (e-Learning) негіздері

Электронды оқыту жүйесінің (e-Learning) негіздері

by Карелхан Нурсауле - -
Number of replies: 1

Дәріс 1

 

Тақырыбы: Электронды оқыту жүйесінің (e-Learning)  негіздері

Оқытудың әдістемесі мен формасы: Баяндау, дәріс

 

Е-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту.

Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Яғни, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Мәселен, «мұғалім ақпараттық коммуникациялық техникалармен қаншалықты жұмыс істей алады, ұстаз бен оқушының арасындағы байланыс өзгере ме?» деген сұрақтарға жауап аламыз. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгереді. Электронды оқыту жүйесі ұстаздарға білім берудегі жаңа бағытты үйретеді. Оның үстіне, Қазақстанда электронды оқыту жүйесін енгізу арқылы ЮНЕСКО-ның «барлығына қолжетімді білім беру» және «бүкіл өмір бойына білім алу» сияқты ХХІ ғасырдағы білім беру негізі жүзеге асырылады. Электронды оқыту жүйесі - білім берудің барлық деңгейін қамтитын жалпыжүйелік әдістемені айқындайтын бірден-бір жаңа бағыт. Сондықтан электронды оқыту жүйесінің бүгінгі білім беру саласына берері мол.

Қазіргі таңда E-learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне қарқынды еңгізіліп отырған  оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Қазақстан Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты бағыттарының бірі болып есептеледі.  Әлемдік тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша е-learning жүйесі білім беруді модернизациялаудың басты құралдарының бірі екендігін айқындайды. Электронды білім беру кеңауқымды жобасының жүзеге асуы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ақпараттандыру мақсатына үлкен жол ашпақ.

Алғаш  «Е-learning» жобасы базасында электрондық оқыту жүйесін одан әрі дамыту және енгізу тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы жоба болған. 2016 қайта дамыту туралы да жоба құрастырылған.

E-learning (қысқаша ағылш. Electronic Learning) — электронды оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютерді қолдана отырып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту сияқты терминдердің синонимі. 


Юнеско мамандарының берген келесі анықтамасы бар: «е-Learning –Интернет пен мультимедиа көмегімен оқыту».
Бірнеше мағынасы болу мүмкін:

1.                      Дербес компьютерді, ұялы телефонды, DVD-ойнатқышты, теледидарды  пайдалана отырып  электрондық құжаттармен өзіндік жұмыс жасау;

2.                      Шалғай жердегі экспертіңнен (мұғалімнен) ақыл-кеңес, баға алу, қашықтықтан әрекеттесу мүмкіндігі;

3.                      Жалпы бір виртуалды оқу қызметін жүргізетін әр жердегі (әлеуметтік желілердің) пайдаланушыларының қоғамын құру;

4.                      Электронды оқу құжаттарын уақытылы тәулік бойы жеткізу;

5.                      Электронды оқу құжаттарына және технологияларына, қашықтықтан оқыту құралдарына арнайы стандарттар мен сертификаттар

6.                      Инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеру және таныстыру, оны мұғалімдерге тарату;

7.                      Оқу веб-ресурстарын дамыту мүмкіндіктері;

8.                      Әлемнің әр жерінен кез-келген жерден, кез-келген уақытта заманауи білім алу мүмкіндігі.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын құруда қосымша ресурс ретінде           е-learning  технологияларын қолданудың тиімділігі келесі факторлармен айқындалады:

1.                      Оқушылардың топтық және өзіндік жұмыстарының арқасында  оқу материалдарын меңгеру деңгейінің көтерілуі.

2.                      Білімді бақылау, оқу ақпаратын ашу үрдісін автоматтандыруда.

3.                      Оқу материалының көрнекілігінің жақсаруы.

4.                      Берілген оқу ақпаратының көлемінің өсуі.

Е-learning технологиясын дидактикалық тұрғыдан педагогикалық үрдіске еңгізуге болады. Технологиялардың берілгендерінің ішінен интернет-платформаларды (виртуалды оқыту құралдары) бөліп шығаруға болады: виртуалды сыныптар, мұғалімнің оқу сайты; дискуссиялық форумдар, блогтар; әлеуметтік желілер, интернет-телефония (Skype типті) бағдарламалары.  Берілген технологиялардың әр қайсысына терең тоқталсақ. Виртуалды сыныптар  мұғалімге  көп оқушылармен бір уақытта қатар  көпжақты бейнеконференциялардың немесе аудиоконференциялардың көмегімен, презентацияларды көрсету, виртуалды тақтада жазулар(сурет салу) сызу, оқушыларға сұрақ-жауап қою (чатта, тақтадағы жазу), on-line  оқытуды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.  Виртуалды сыныптардың қосымша міндеттері мұғалімге оқушының қызметін педагогикалық бақылауға алуға (оқушының сабаққа қатысуын бақылауға) мүмкіндік береді. Тәжірибеге сүйенсек, виртуалды сыныптарды ң мүмкіндіктерін оқушылардың дискуссиялық топ жұмыстарында (жобалар, кейс топпен шешу), оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижесін бағалауда пайдаланған тиімді.

Е-learning-тің басқа технологиясы –бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тесттық жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді. Мұғалімнің оқыту сайты уақытылы тәулік бойы электронды оқыту материалдарына қолжетімділікті, кеңес алуды, ұсыныстарды, мұғалімнің бағалауын қамтамасыз етеді. Сайтта тіркелген барлық қатысушылардың электронды пошталарына  мұғалім тез арада хабарламалар жібере алады. Құндылығы бұл оқытуды асинхронды режимде ұйымдастыруға болады: блогта қандай да бір тақырыпта дискуссия жүргізуге болады.  Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап арқылы әртүрлі қатысушылардың пікірлерін біле алады.  Осылайша, оқу үрдісінің дәстүрлі жүйесіне ұсынылған қосымша            e-learning технологияларының көмегімен ұйымдастырылған қосымша педагогикалық әрекеттесу формаларынан тұрады:

1.                      Синхронды (чат, скайп) немесе асинхронды (пошта, форум) мұғаліммен оқушының хабар алмасуы, оқушылардың өзара блогта, форумда, чатта пікір-таластырулары;

2.                      Оқушылардың  чаттың синхронды форматында немесе топтық конференцияларда хабар алмасулары.

Е-learning технологиялары оқу үрдісіне келесі мүмкіндіктер береді:

1.                      Берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін  өте қолайлы және ыңғайлы;

2.                      Оқу материалынын меңгеруде қиындық деңгейін, уақытын және көлемін таңдаудағы жекешілдік;

3.                      Интерактивті, өйткені, мұғаліммен, сыныптастарыңмен синхронды және асинхронды әрекеттесу арқылы оқуға болады[http://www.zkoipk.kz/ru/b3/312-conf.html]

Қолданылған әдебиеттер

1.      Карелхан Н.,  Серік М.,   Альжанов А.К.  RadStudio ортасында программалау мен параллель есептеулер. Алматы: ССК, 2017ж, -168 б.

2.      Жақыпбекова Г.Т.Flash-те мультимедиалық технологияларының негіздері [Текст] : оқу құралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Алматы : ССК, 2019


In reply to Карелхан Нурсауле -

Re: Электронды оқыту жүйесінің (e-Learning) негіздері

by Карелхан Нурсауле - -
Үй тапсырмасы:
Цифрлық білім беру ресурстарының тақырыбы мен құрылымын таңдап әзірлеу.