СӨЖ 10. Ассоциациялық ережелерді талдау (Association Rule Mining)
10-СӨЖ
Тақырып: «Ассоциациялық ережелерді талдау (Association Rule Mining)»
Апта: 10. Сағат саны: 8. Орындау әдісі: Жоба әдісі.
Мақсаты: ассоциациялық ережелерді іздеу алгоритмдерін (Apriori, FP-Growth) қолданып, «тұтынушы себетін» талдау жобасын орындау.
Тапсырмалар:
1. Супермаркет транзакцияларының деректер жиынын таңдаңыз немесе 20 транзакциядан тұратын шағын жиын құрыңыз.
2. Support, confidence және lift көрсеткіштерін бір ереже үшін қолмен есептеп, мағынасын түсіндіріңіз.
3. Python (mlxtend: apriori, association_rules) немесе R (arules) арқылы ережелерді іздеп, lift бойынша ең күшті 10 ережені таңдаңыз.
4. Нәтижелер негізінде тауарларды сөреде орналастыру және жарнамалық акциялар бойынша ұсыныстар әзірлеңіз.
Тапсыру түрі: жоба есебі (код, ережелер кестесі, ұсыныстар), қысқа презентация.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Support, confidence және lift нені көрсетеді?
2. Apriori алгоритмінің негізгі қағидасы неде?
3. Lift < 1 болса, ол нені білдіреді?
Бағалау критерийлері: тапсырманың толық әрі дұрыс орындалуы – 40%; нәтижелерді талдау және қорытындының негізделуі – 30%; жұмыстың рәсімделуі – 15%; мерзімінде тапсыру және қорғау – 15%.
Пайдаланылған әдебиеттер [3, 4, 6]
