СӨЖ 4. Деректерді өндеу (Data Mining)
4-СӨЖ
Тақырып: «Деректерді өндеу (Data Mining)»
Апта: 4. Сағат саны: 8. Орындау әдісі: «Төңкерілген сынып» әдісі.
Мақсаты: Data Mining міндеттерін, әдістерін және деректерді алдын ала өңдеу кезеңдерін өз бетінше меңгеріп, аудиторияда талқылауға дайындалу.
Тапсырмалар:
1. Сабаққа дейін оқулықтан [3] Data Mining бөлімін оқып, негізгі міндеттердің (жіктеу, регрессия, кластерлеу, ассоциация, ауытқуларды анықтау) картасын (mind map) құрыңыз.
2. Kaggle сайтынан кез келген ашық деректер жиынын таңдап, оның сипаттамасын жазыңыз: жолдар мен бағандар саны, айнымалылар түрлері, бос мәндер үлесі.
3. Python (pandas) немесе R тілінде деректерді алдын ала өңдеу қадамдарын орындаңыз: бос мәндерді толтыру, қайталанатын жолдарды жою, нормалау.
4. Аудиторияда талқылау үшін 3 проблемалық сұрақ дайындаңыз.
Тапсыру түрі: mind map, код және нәтижелер (Jupyter Notebook немесе R Markdown), талқылау сұрақтары.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Data Mining-тің негізгі міндеттерін атаңыз.
2. Деректерді алдын ала өңдеу неге қажет?
3. Нормалау мен стандарттаудың айырмашылығы неде?
Бағалау критерийлері: тапсырманың толық әрі дұрыс орындалуы – 40%; нәтижелерді талдау және қорытындының негізделуі – 30%; жұмыстың рәсімделуі – 15%; мерзімінде тапсыру және қорғау – 15%.
Пайдаланылған әдебиеттер [3, 4, 6, 8]
