СӨЖ 3. Деректер қоймасы (Data Warehouse)
3-СӨЖ
Тақырып: «Деректер қоймасы (Data Warehouse)»
Апта: 3. Сағат саны: 8. Орындау әдісі: Өзіндік жұмысты жаттықтыру.
Мақсаты: деректер қоймасының архитектурасын, ETL/ELT процестерін және өлшемдік модельдеу тәсілдерін меңгеру.
Тапсырмалар:
1. Деректер қоймасының OLTP жүйесінен айырмашылығын кесте түрінде көрсетіңіз (мақсаты, деректер құрылымы, жүктеме, тарихтылық).
2. Инмон және Кимбалл тәсілдерін салыстырыңыз; Data Lake және Data Lakehouse ұғымдарын қысқаша сипаттаңыз.
3. Интернет-дүкен үшін «жұлдыз» схемасын жобалаңыз: фактілер кестесі (Sales) және кемінде 4 өлшем кестесі (Date, Product, Customer, Store); өрістері мен кілттерін көрсетіңіз.
4. ETL процесінің кезеңдерін (Extract, Transform, Load) мысалмен сипаттап, SCD (баяу өзгеретін өлшемдер) 1 және 2 түрлерін түсіндіріңіз.
Тапсыру түрі: «жұлдыз» схемасының сызбасы (draw.io немесе қолмен), ETL сипаттамасы (2–3 бет).
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Фактілер кестесі мен өлшем кестесінің айырмашылығы неде?
2. «Жұлдыз» және «қар ұшқыны» схемалары қалай ерекшеленеді?
3. ETL мен ELT арасындағы айырмашылық неде?
Бағалау критерийлері: тапсырманың толық әрі дұрыс орындалуы – 40%; нәтижелерді талдау және қорытындының негізделуі – 30%; жұмыстың рәсімделуі – 15%; мерзімінде тапсыру және қорғау – 15%.
Пайдаланылған әдебиеттер [1, 3, 8]
