СӨЖ 2. Бизнес-аналитика ұғымдары мен қолданылуы
2-СӨЖ
Тақырып: «Бизнес-аналитика ұғымдары мен қолданылуы»
Апта: 2. Сағат саны: 8. Орындау әдісі: Проблемалық әдістер, практикалық есептерді шешу – логикасын, кәсіби ойлауын дамыту.
Мақсаты: бизнес-аналитиканың негізгі ұғымдарын (KPI, OLAP, дашборд, self-service BI) меңгеру және оларды нақты бизнес-мәселені шешуге қолдану.
Тапсырмалар:
1. Проблемалық жағдай: сауда компаниясында соңғы тоқсанда пайда 15%-ға төмендеді, себебі белгісіз. Мәселені шешуге қажетті 5–7 KPI анықтаңыз.
2. Әр KPI үшін есептеу формуласын, деректер көзін және жаңарту жиілігін көрсетіңіз.
3. Пайданың төмендеу себептерін анықтауға арналған талдау сұрақтарының «ағашын» құрыңыз (түсім → баға, көлем, ассортимент; шығын → өзіндік құн, логистика).
4. Qlik Sense, Power BI және Tableau жүйелерін 5 критерий бойынша салыстырыңыз.
Тапсыру түрі: проблемалық есептің жазбаша шешімі, KPI кестесі және BI құралдарын салыстыру кестесі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. KPI мен метриканың айырмашылығы неде?
2. OLAP-куб дегеніміз не?
3. Self-service BI ұйымға қандай артықшылық береді?
Бағалау критерийлері: тапсырманың толық әрі дұрыс орындалуы – 40%; нәтижелерді талдау және қорытындының негізделуі – 30%; жұмыстың рәсімделуі – 15%; мерзімінде тапсыру және қорғау – 15%.
Пайдаланылған әдебиеттер [1, 2, 7]
