Қаржы инвести
циялары мен қаржылық міндеттемелер аудиті
Қаржы инвести
циялары мен қаржылық міндеттемелер аудитінің мақсаты бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес "Қаржы инвести
циялары мен қаржылық міндеттемелер" бөлімі бойынша қаржылық есептіліктің дәйектілігі туралы аудиторлық пікірді қалыптастыру болып табылады.
Қаржы инвести
циялары мен қаржылық міндеттемелер міндеттері болып мыналар табылады:
құрамы мен құрылымын зерделеу;
ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесін бастапқы бағалауды растау;
бухгалтерлік есепте көрсетілуін уақтылы және толық тексеру;
тиісті кезеңде қаржы инвести
циялары мен қаржылық міндеттемелернің қозғалысы бойынша операцияларды есепке алуда ресімдеу мен көрсетілуінің дұрыстығын тексеру;
қаржылық міндеттемелер бойынша сыйақылар сомасының дұрыс есептелуін және есепке алуда оның дәйекті көрсетілуін тексеру;
тексерілетін кезеңге қаржылық есептіліктің айтарлықтай әсер ететін бұрмалауларының жоқтығын растау;
тиісті есепті кезеңде есеп пен есептілікті көрсету;
қаржы инвести
циялары мен қаржылық міндеттемелеріне уақтылы түгендеу жүргізу;
қаржы инвести
цияларымен операциялар бойынша кірістерді міндеттемелер бойынша шығыстарды есепке алуда есептелуінің, түсуінің және көрсетілуінің дәйектілігін растау.
Мемлекеттік аудитор қаржы инвести
циялары мен қаржылық міндеттемелердің аудитін жүргізген кезде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай:
"Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659;
"Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 6 маусымдағы № 543 қаулыларын;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10545 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін;
мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын басшылыққа алады.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1340 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Аудиторлық дәлелдер көздері:
акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын қабылдап алу-беру актілері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттік қатысу үлесін иелену мен пайдалану құқықтарын қабылдап алу-беру актілері, мемлекеттік меншікті қабылдап алу-беру актілері,
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының OС-1-нысаны активтерін қабылдап алу-беру (ауыстыру) актілері, беру актілері, жарғылық капиталының мөлшері туралы анықтамалар, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылары, мемлекеттік мүлікті иелік ету жөніндегі уәкілетті органның хаттары мен бұйрықтары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына салымдар аудару туралы қазынашылық органдардын үзінді-көшірмелер мен төлем тапсырмалары, бағалы қағаздар үшін төлеуге мүлікті (активтерді) беруге жүкқұжаттар, пайданы бөлу туралы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің анықтамалары, хаттамалары/шешімдері, таза табыстың бір бөлігін бюджетке аудару, қарыздарды өтеу және қызмет көрсету туралы қарыз алу шарттары, төлем тапсырмалары, түгендеу тізімдемесі;
бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігі, жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы;
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары;
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 107 қосымшасына сәйкес 283-нысаны бойынша көп бағанды карточка;
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 83 қосымшасына сәйкес 292-нысаны бойынша демеушілік және қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру, шетел валютасындағы шоттар мен арнайы шоттар, басқа да ақшалай қаражат, қаржы инвести
циялары мен қаржы міндеттемелері ҚБШ кітабы;
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 84 қосымшасына сәйкес 292-а-нысаны бойынша карточка;
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 72 қосымшасына сәйкес 294-нысаны бойынша жоспарлы тағайындаулар мен шығыстарды есепке алу кітабы;
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 109 қосымшасына сәйкес 308-нысаны бойынша "Кітап-басы" журналы;
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 94 қосымшасына сәйкес 409 нысаны бойынша 15-мемориалды ордер – "Айырбасталмайтын операциялардан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі";
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 96 қосымшасына сәйкес 409-б нысаны бойынша 17-мемориалды ордер – "Активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі";
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 98 қосымшасына сәйкес 458 нысаны бойынша 19-мемориалды ордер – "Операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі";
Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 100 қосымшасына сәйкес 458-б нысаны бойынша болып табылады 21-мемориалды ордер – "Активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі".
- Teacher: Жахметова Айнура Каиржановна